Жол апаттары жұрттың өмірін жалмауда

Елімізде тәулігіне орта есеппен алғанда 8 жол-көлік оқиғасы болады екен. Ал, соңғы бес жылда еліміздің жолдарында көлік апатынан 6 мың 500 адам көз жұмған. Ал, тәуелсіздік алған жылдан бері есептесек бұл сан 82 мың тұрғынды құрайды. Кәдімгі кішігірім қала халқымен пара-пар. Бұл көрсеткіш бойынша біз әлемде алдыңғы қатарда екенбіз. Мұндай жаға ұстатарлық статистиканы құзырлы органдар жариялады. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер неге азаймай тұр? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top