Шіркеу жағалаған қазақ әйелі баласына қыстық киім сұрап барған
Қарашаның қара суығында бүрсеңдеп, баласына жылы киім іздеген қазақ әйелдері - Адвентистер шіркеуі аталатын Алматыдағы халықаралық протестанттық ұйымның есігін жағалап кетіпті деген ақпарат естуге де ауыр. Бірақ бұл расталған ақпарат. Қарашаның 14-і күні Алматыдағы Қайырбеков пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан ғимаратта «сағат 11-де киімдерді тегін тарататын әлеуметтік акция болады» деген хабарландыруды ата-аналар чатынан оқи сала көп ата-ана сабылып сонда жеткен. Бірақ шіркеу ауласын толтырған аналар киім де алмаған күйі үйлеріне қайтты. «Онда жетіскенінен ешкім бармаған еді, бізді мазақ етті» -деп кейбірі полицияға арыз тастаған. Түсінген адамға бұл - қатардағы көп акцияның бірі ретінде қарайтын жағдай емес. Біріншіден, облыстағы ауылдардан келгені бар, қаншама көп балалы ана - жылы киімге мұқтаж деген сөз. Өйткені, ол жерде тамақ таратылып, телефон, көлік ойнатылған жоқ. Екіншіден, халықаралық ұйымға қарайтын шіркеу - қандай тегін киім таратпақ болған? Полиция не дейді? Сол жерге барып то
12 views
196
46
3 years ago 00:09:11 12
Шіркеу жағалаған қазақ әйелі баласына қыстық киім сұрап барған