Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 18 шілде күнгі шабуылдан қаза тапқан полицей Аян Ғалиев пен отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұримановпен қоштасу рәсімі өтті. Алты адам (оның төртеу - полицей) қаза тапқан шабуылға күдікті ретінде Руслан Күлекбаев есімді азамат ұсталған.