AYREE feat ARAI - Show (“Бақыт деген - сенің бала күндерің“ фестиваль 2017)
Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері, әнші Нұрмағамбетова Айжанның ұйымдастыруымен күні кеше 29-мамыр “Алатау“ дәстүрлі өнер театрында алғашқы республикалық “БАҚЫТ ДЕГЕН-СЕНІҢ БАЛА КҮНДЕРІҢ“ атты фестивалі өз мәресіне жетті. Әнші болғысы келетін жас бүлдіршіндің жұлдыздарды бір көріп ән шырқауы арманы болған асыл армандары орындалды. Барлық әншілердің басын қосқан фестиваль жоғары деңгейде ыстық ықыласпен өтті. Сіздердің қошеметтеріңізге бөленіп үлгерген Ayree мен жас бүлдіршін әнші Арайдың орындауындағы “Шоу“ әні “Ең Үздік Шоу“ атты номинациясына лайық бағаланды.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім,
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақыт сол тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім.
Бақыт деген - сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің.
Бақытсыз-ақ ойнап - күлгенің.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім,
Бұл өмірде бақыт іздеп жүрген күндерім...
© М.Мақата