42 500 тг алмағандардың өтініштері қайта қаралады

42500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініштері қайта қаралады. Карантин талаптарын ескере отырып, өтінімдерді тіркеу 2020 жылдың 1-желтоқсанына дейін жалғаспақ. Ол үшін аудандық штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет. Оны жұмыс беруші тарапынан орта бизнес, ірі кәсіпкерлік және коммерциялық емес заңды тұлғалар бере алады. Ал, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар өз бетінше бере алады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top