2017 жылды қорытындылау...

Жаңа 2018 жыл келіп, 2017 жылға қорытынды жасайтын уақыт жеткен секілді. Жайдарман ойындарына Ұлытау ауданынының атынан шығып жүрген екі команданың (МӘЗ жайдарман тобы мен Ұлытау жастар құрамасы) жеткен жетістіктері аз емес. МӘЗ - мектепішілік жайдарман ойындарының вице-чемпиондары, Аудандық жайдарман ойындарының ЧЕМПИОНДАРЫ, Қарағанды облыстық мектепаралық жайдарман ойындары “Чемпиондардың чемпионы - 2017“ фестивалінің 3-орын иегері... Ал, Ұлытау жастар құрамасы - Сәтпаев қалалық ЖОО, Коледждер мен мектеп оқушыларының арасындағы жайдарман лигасының қатысушысы, Маусымашар - 2017 оскар-фестивалінің 3-орын иегері, Лиганың 1/2 финалына жолдама алып отыр... 2018 жылға жоспар көп, соның ең алғашқысы - Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукеннің “Маусымашар - 2018“ фестиваліне барып, жоғары дәрежелі өнер көрсетіп қайту, мүмкіндік болса басқа да лигаларға жолдама алу! Бір жыл бойы бізді қолдап, сенім артқан жанкүйерлерімізге алғысымыз шексіз!
Back to Top