ЖК ашқанда кәсіпкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қарағанда әлдеқайда көп мүмкіндікке ие болады: олар қызметкерлерді заңды түрде жалдай алады, басқа компаниялармен серіктестік қатынас орната алады және табысын арттыра отырып, бизнесін кеңейте алады.
ЖК мәртебесінде жұмыс істей отырып, кәсіпкер еңбек өтілін жинақтайды және шағын және орта бизнес өкілі ретінде оған мемлекет қолдау көрсете алады.
Бұл ретте ұйымдардың басқа нысандарына қарағанда ЖК-де есептілік пен құжат айналымы аз: жеке кәсіпкер жеңілдетілген декларация негізінде бірыңғай нысан бойынша жылына 2 есеп тапсырады және бухгалтерлік есеп жүргізбеуіне болады.
Бизнесмен ЖК-ні тіркеген кезде өзіне ыңғайлы мынадай салық режимдерінің бірін таңдайды: жалпы, «жеңілдетілген» немесе патент.
Үздік мобильді қосымшасында ЖК-ні бір минутта онлайн ашуға болады. «Мемл. қызметтер» сервисіне өтіп, «ЖК-ні тіркеуді» таңдап, смартфонның экранындағы қарапайым қадамдарды орындасаңыз болды.
мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз:
AppStore: https://d