Сабырлылық деп осыны айт... Адамзат баласы пенде болып жаратылғаннан соң бұл жалғанда түрлі қиындықтарға тап болуы немесе басына ауыр жағдай туғанда әл-дәрмені таусылуы әбден мүмкін. Осындай жағдайларда адам баласының жұбанышы – сабыр болары да сөзсіз. Ертеңгі күнінің жарық боларына сенеді. Сабырлық таныту адам баласын парасаттылықтың шыңына жетелесе, бір жағынан елеулі жетістіктерге қол жеткізеді.
Сонымен сабыр сөзіне қысқаша анықтама беріп көрелік. Сабыр сөзі араб тілінде «الصبر – ас-сабру» деген сөз. Тіліміздегі мағынасы: «шыдамдылық таныту» дегенді білдіреді. Ал шариғатымыздағы терминдік мағынасы: «Жаратқанның разылығын алу ниетімен өмірде кезігетін түрлі сынақтарға, қиындықтарға асқан ұстамдылықпен байыптылық көрсету» деген сөз.
Әрине сабырлы пенделерді Алла Тағаланың ерекше жақсы көретіндігі ақиқат. Өйткені сабырлы бола білген пенде Алласын таниды һәм Одан үміт етеді.
@muslimkz
49,472 views
278
72
12 months ago 00:02:15 5
ТҮНГІ КЛУБТА ӨЛІП КЕТТІ | НАМАЗҒА ЕРТЕҢ ДЕ КҮН БАР ҒОЙ ДЕП ЖҮРІП МЕРТ БОЛДЫ | ТӘУБЕГЕ КЕЛЕЙІК!
12 months ago 00:05:05 1
«ӘЛҺАМДУЛИЛЛӘҺ»-ДЕП АЙТ! [ӨТЕ КЕРЕМЕТ РОЛИК]
7 years ago 00:15:42 2.8K
Сабырлық пен сынақ /Ерлан Ақатаев
7 years ago 00:00:30 49.7K
Сабырлық деп осыны айт...
8 years ago 00:04:38 11
Міндетті түрде көріңіздер!!! Жарым жан деп айтуға ауыз бармас.... .240