АҚЫН СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН: ҚЫРЫҚМЫЛТЫҚ ҚАРАСАЙ ЖЫРАУ ТУРАЛЫ
Ақын, жырау, жыршы, күйші, композитор Қырықмылтық Қарасай жырау Қалыұлының туғанына 155 жыл, дүниеден өткеніне 85 жыл толуына орай, күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде арнайы жасақталған көрмеге домбырасы қойылып, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы деректер жазылды.
Салтанатты түрде көрме шымылдығын ашқан ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Светқали Нұржанның сөзінен үзінді.