Б: Аптаның басы жантүршігерлік жаңалықпен басталды. Астанадағы кәріз құдықтарының бірінен мектеп оқушысының мүрдесі табылды. Болжам бойынша, жеткіншек үйге қайтып бара жатып, тас қараңғыда ашық құдықты байқамай, ішіне құлап кеткен.
А: Оқиға 25-і қараша күні болғанымен, тәртіп сақшылары жеткіншекті тек ертеңгі күні тапты! Өйткені, дәл сол құдыққа тағы бір жасөспірім түсіп кетеді. Бала құтқарылған соң, құдықтың бетін жабуға келгендер суда қалқып жүрген күртені көреді.
Б: Қазір осы мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.Қала әкімдігі болса шаһардағы құдықтардың қақпақтарын іздеп әлек! Тіпті, арнайы 109 нөмірі іске қосылып, ашық жатқан шұңқырлар туралы тұрғындардан жаппай арыз қабылданып жатыр!
А: Десе де, бұл амал әрекеттер айдың күннің аманында қыздарынан айрылып, қара жамылып отырған отбасының көңіліне медеу бола алмайтыны анық. Құдықтың қақпағы ашық жатпағанда Маратовтар шаңырағында бүгін мереке болар еді. Аружанның - туған күні! Жеткіншек мүшел жастан шығып, 14-ке толуы т