Мұз басқан қалалар. Көктайғақтан көз ашпаған еліміздің бірнеше өңірі үшін, көшеде, жолда жүру мұңға айналып тұр. Көлігі де, адамы да мұз үстінде тайғанақтап жүр. Әуе сапарлары да кейінге шегеріліп, күніне 100-ге жуық жол апаты тіркелуде. Күн райының қолайсыздығынан тек Астананың өзінде 3 жарым мыңға жуық адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түсіпті. Әлеуметтік желіге таралған мына бір видеоларға сіз де күә болыңыз.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан