Аққан жұлдыз: Бейсен Құранбектің қазасы ауыр тиді

Осы аптада күллі алаш жұрты болып аңырап қалдық. Қазақ телевизиясы мен журналистикасы ғана емес, қазақ елі асыл ұлынан айырылып жоқтады. Аққан жұлдыздай небәрі 49 жасында танымал тележүргізуші, журналист Бейсен Құранбек өмірден озды. Ол мыңдаған жанның мұң мұқтажын арқалап жүріп ақыры өзі айықпас дертке шалықты. Өзі айтуға оңай дейтін еді көзі тірісінде енді оның қазасы жайлы айтуға қиын, десе де әріптесіміздің жарқын бейнесін тағы бір еске алып өтуді жөн деп таптық. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top