АЛДАРКӨСЕ МЕН ТОҢҒАҚ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 43- шығарылым. «Алдаркөсе мен тоңғақ» ертегісі «Алдаркөсе мен тоңғақ» ертегісінде сақылдаған сары аязда ақымақ байдың қалың тонын Алдардың шұрық тесік шапанына, құстай ұшқан жүйрік атын Алдардың жаман атына қалай ауыстырып алғандығы, яғни бай Алдардан қалай алданып қалғандығы туралы суреттеледі. Алдаркөсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері. Ақылды айлакер, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз әңгімелерде Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырған. Оның мақсаты сараң байларды, жалқауларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын беріп, әжуа еткен.
Back to Top