Жасұлан Жанғазиев - 1

Жасұлан Жанғазиев -- Зеленов ауданының Достық ауылындағы ЖОББМ-дегі сызу және сурет пәнінің мұғалімі. Отбасындағы ерекше тәрбиені бойына сіңіріп өскен ол, жасынан жыр-термеге әуес болыпты. Жасұлан бұл күнде Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердері, Нұрым Шыршығұлұлы, Мұрат Мөңкеұлы шығармаларын естіле бермейтін ескілікті сарындарға салып, төгілтіп, тебіренте термелейді.
Back to Top