Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан еліне наразылық нотасын жолдайды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сырдарияға балық аулауға шыққан Қазақстан азаматын Өзбек шекарашылары атып тастағаны үшін ол елге ресми түрде наразылық нотасын жолдайды. Министрлік нотаны тапсыру үшін Өзбекстанның елшісін шақыртқан. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
Back to Top