8 жыл бұрын Жаңаөзенде

8 жыл бұрын #Қазақстан’да #Жаңаөзен қаласында полиция наразылыққа шыққан мұнайшыларға оқ атты. Келесі күні мұнайшыларды қолдауға шыққан халық та оқ астында қалды. Оқиға орнында болғандар полицияның қашып бара жатқан адамдардың арқасына оқ атқанын видеоға түсіріп алған. Кейін ІІМ басшысы және облыс әкімінің қызметі жоғарылады. Қазақстанда Жаңаөзен оқиғасы туралы ашық айтуға әлі де тыйым салынған.
Back to Top