Петропавлда 1 ай бұрын пәтер сатып алған қала тұрғыны үйінен тапанша тауып алды. Қару сараптамаға жолданған. Бұл жайт «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. Аталған шара барысында полиция қызметкерлері тағы 1300-ден астам түрлі құқық бұзушылық фактісін тіркеген.