Қарағандыдағы мектептердің бірінде 13 жастағы баланы пышақтап кетті
Қарағандыдағы мектептердің бірінде 13 жастағы баланы пышақтап кетті. Жамбасы жарақаттанып, кешелі бері жансақтау бөлімінде жатқан сегізінші сынып оқушысы екен. Ал мектепте жанжал шығарған 16 жастағы студент уақытша қамауға алыныпты. Оқиға оқушылардың бірінің ұялы телефоны ұрланып, оқу орнының директоры ата-аналармен кездескенде болған екен. Жиналысқа анасымен бірге келген 7 сынып оқушысының ағасы 13 жастағы Александр есімді баланың жамбасына дәретханаға бара жатқанда пышақ сұғып алған.
142 views
2607
717
8 years ago 00:01:30 143
Қарағандыдағы мектептердің бірінде 13 жастағы баланы пышақтап кетті