Медеудегі кездесулер

Фильм Алматының ұшар басындағы Медеу мұз айдынында түсірілген. Фильмнің бас кейіпкерлері мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамысының жас спортшылары биші жұп Жайран мен Ерік. Жауапты бір жарыс алдында бапкер Еріктің басқа бір тәжірибелі бишімен жаттығу керектігін шешеді. Бапкердің бұл шешімі бірін- бірі сүйетін, мұз айдынында ғана емес, өмірде де жұп болған Жайран мен Ерікке күтпеген тосын сый болады. Ерік басқа бір жұппен жаттыққысы келмейтінін, егер бапкер шешімін өзгертпесе жаттығуға мүлдем шықпайтынын жеткізеді. Жайран болса, Ерік пен бапкердің арасындағы түсініспеушіліктің себебі болғысы келмейді, бір шетінен бұл жарысқа қатыспаса нені жоғалтатынын да түсінеді. Бас кейіпкерлерді сомдаған жұп расымен де Қазақстан құрамасында болған және Людмила Пахомова, Александр Горшков, Ирина Моисеева, Андрей Миненков, Наталья Линичук, Геннадий Карпоносов, Елена Гаранина, Игорь Завозин, Юрий Овчинников, Елена Водорезова секілді Кеңес Одағына белгілі спортшылармен бірге сайысқа түскен. Бапкерлер: Станислав Жук, Елена Ча
Back to Top