Елордалық такси жүргізушілері мұқтаж аналарға көмектесті

Бұрын жомарт жандардың жоқ-жітікке көмектесіп, қайырымдылық көрсетуі көпшілік үшін таңғалатын, көп ести бермейтін жаңалық болатын! Ал қазір сауапты іс жасап жарысқандардардың санында шек жоқ. Күн сайын үйді-үйді аралап, тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созатындарды көп кезіктіреміз. Бұл әлеуметтік желілердің әлеуеті ме, әлде расымен жақсылыққа ұмтылғандардыҢ ұлғайғаны ма, әйтеуір кісі қуанарлық жағдай. Бұл үрдіске елордалық такси жүргізушілері де үн қосып, жалғызбасты аналарды азық-түлік, киім-кешекпен жарылқады. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top