Қазіргідей қысылтаяң шақта тұрмысы төмен отбасы былай тұрсын, тұрақты жалақысынан айырылып, кәсібі тұралаған жандар күнін әрең көріп отырғаны баршаға аян. Ал бірнеше баланы өзі тәрбиелеп, тұрмыстың тауқыметіне тап болған жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын елестетудің өзі қорқынышты. Дәл осындай жанұяның бірі біздің арнаға хабарласып, көмек сұраған еді. Жатақханадағы 11 шаршы метр болатын бөлмеде жан баққандарға бизнесмен, не әншілер емес, мұғалімдер көмекке келді.
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан