Полиция Ресей астанасы Мәскеуде ұрланған картинаны тапты. Сурет қаңтардың 27-де Третьяков галереясынан жоғалған еді. Суретші Куинджи Архиповтың «Ай-Петри. Қырым» атты туындысын ұрлауға қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы Қырым тұрғыны Денис Чуприков ұсталды. Ол өзінің қарыздарынан құтылу үшін осындай қадамға барғанын мәлімдеген. Галереяға қайта әкелінген картина тасымалдау кезінде бүлінген. Орыс мұражайы оны қайта қалпына келтіруге кірісті.