Сальвадорлық 18 жылдан бері құдайдың тапсырмасын орындап жүргенін айтады.
Сальвадордың Сантьяго Санчес есімді 69 жастағы тұрғыны 18 жылдан бері бір шұңқырды қазып келеді. Бұл туралы Daily Mail ақпарына сілтеме жасаған хабарлады.
Ер кісінің өз айтуынша, ол мұны құдайдан осындай тапсырма алғаннан кейін жасап жатқан көрінеді. Санчес Жаратқанның өзіне күн сайын 40 кило тартатын тастар мен топырақты сыртқа шығарып тұруды тапсырғанын айтады. Қазіргі кезде шұңқырдың тереңдігі 100 метрден асып кетіпті.
Жергілікті телеарнаның тілшісі тыныс алу қиын болғандықтан, шұңқырдың түбіне дейін бара алмағанын жеткізді. Ал Санчес тек өзіне ғана оның түбінде жүруге рұқсат етілген, деп отыр.
Сальвадор 18 жылдан бері күнде таңертең сағат үште орнынан тұрып шұңқырға барып, кешке бір-ақ қайтады. Туыстары оның бұл әрекетіне әжуамен қарайды. Бірақ өзінің құдайдың тапсырмасын орындап жүргеніне сенімді Санчес осы кезге дейін өзінің мақсатынан қайтқан емес. Бірақ Жаратқан ие оған неге мұндай тапсырма бергенін өзі де айтып бере алмайды.
118 views
1704
473
8 years ago 00:06:56 118
Сальвадорлық 18 жылдан бері құдайдың тапсырмасын орындап жүргенін айтады.