ВЛОГ-7. ОРДАБАСЫ - АҚТӨБЕ 1:1 ПЕНАЛЬТИ VAR МА ? ҚПЛ-2023

Ордабасы - Ақтөбе. Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларын жинап алған шымкенттік команданың биыл өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанатын мүмкіндігі бар. Алайда мақтаған қыз тойда осырады деп, мықты деген жігіттер өткен турда Астананың алдында “ТІЗЕРЛЕДІ“ Енді міне өз алаңында бас жүлдеден басты үміткерлердің бірі “Ақтөбе“ командасын қабылдады. Апта бұрын жарақат алып, ауырып қалды деген ойыншылар түгелімен алаңға шықты. Басты мақсаты чемпион атану ма, әлде ақтөбеліктерді тоқтату ғана ма ? Міне осы сұраққа біз жауап іздегіміз келеді. Және сол сауалдың соңына түсіп Шым шаһарға арнайы бардық. Алаңда бірін-бірі аямаған қос қарсыластың кездесуі көпшілік күткендей жоғары деңгейде өтті. Бірақ ойын нәтижесі ешкімді қанағаттандырмады.
Back to Top