Ұрпағымызды улауға қарсымыз! Арал ауданында салынғалы жатқан құны 90 млрд теңгелік сода зауытының құрылысына тұрғындар наразылық білдірді. “Себебі, онсыз да экологиялық апат аймағы саналатын бұл өңірде аталған өндіріссіз-ақ, денсаулыққа орасан қатер төндіретін орындар жетерлік“ дейді ашынған жұрт. Халықтың келісімін алмақ болып, қоғамдық тыңдау өткізген зауыт өкілдері осылайша айқай-шудың астында қалды.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан