Алғашқы түсірілім жұмыстары 2009 жылы мамырдың 8-інде Қытайдың Іле аймағының Текес ауданындағы Қаржау жайлауында басталған. Фильмнің шырайын ашқан көркем дала табиғаты Алтай, Іле, Тарбағатай сынды қазақ аймақтарының көрінісі көз тартатын әсем жерлерінде түсіріліп, көктемнің, жаздың, қыстың көріністері қамтылған.