Павлодарда мұғалімді зорлаған қаскөй 15 жылға сотталды
Ал, Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлаған қаскөй 15 жылға бас бостандығынан айырылып, судья жәбірленушіге моральдық шығын өндіріп берді. Сот отырысы онлайн режимде өткен. Еске салайық, оқиға осы жылдың ақпан айында Майқарағай ауылында болған еді. Бойжеткен түнгі уақытта интернеті бар мектепке барып жұмыс істеуге мәжбүр болған. Ақпанның 25-нен 26-на қараған түні қараусыз қалған үйде қаскөй арам ойын іске асырып басқа ауылға қашып кетеді. Алайда тәртіп сақшылары оны бір тәуліктің ішінде қолға түсірді. Анықталғандай, қаскүнем 2010 жылы әйел зорлап, жәбірленуші дер кезінде полицияға жазбаша шағым түсірмей, қылмыстық іс қозғалмапты. Мұнымен қоса, ер адам мал ұрлауды кәсіп еткен. Ол кезде екі жақтың мәмілеге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ
32 views
6
0
4 years ago 00:00:26 200
Павлодарда мұғалімді зорлаған қаскөй 15 жылға сотталды