Жуалы наурыз-фест

“Ұлыстың ұлы күні“ 2019 жылы 21 наурыз күні “Жастар ресурстық орталығы“ мекемесі 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні мерекесіне» орай «Жастар жылы – жаңару жолы!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Аталған мерекелік шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Е.Жаңабаев және ауданның құрметті азаматы Д.Байдалиев қатысты. Мерекелік шара барысында жас отбасыларға “Ұйқыашар“, “Селтеткізер“ салт-дәстүрлерін көрсетіп, жастар арасында насихаттау мақсатында қойылымдар жасалып,сыйлықтар табысталды. Мерекелік шарада аудан жастары “Бауырсақ фест“, “Арқан тартыс“, “Наурыз көже“,“Гір тасын көтеру“, “Асық ату-алтыатар“ сынды жарыстар ұйымдастырылып жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, шарада “Рухани жаңғыру“ бағдарламасы аясында, этноауыл көріністерін беретін “Алтыбақан“, “Ауылдың алты ауызы“ атты қойылымдар жасалынды. #наурыз
Back to Top