Стив Джобстың Стэнфорд түлектеріне айтқаны - қазақ тілінде

Стив Джобстың Стэнфорд түлектеріне айтқаны - қазақ тілінде Бүгін мен, сіздердің әлемдегі мықты оқу орындарының бірін бітіру салтанатына қатысқаныма қуаныштымын. Шынын айтқанда, мен жоғары білім алғаным жоқ, ол аз ба, бұл менің жоғары оқу бітіру салтанатына ең жақын келген күнім. Бүгін мен сіздерге өз өмірімнен үш оқиға баяндаймын. Асқан сиқыр жоқ тек үш оқиға ғана. Бірінші оқиға көріністі біртұтас көру туралы. Мен Рид коллдежін, түскеннен кейін алты ай өтпей тастап кеттім, бірақ босағасын айналшықтап он сегіз ай жүрдім. Сонымен мен неге оқуды тастап кеттім? Бұл оқиға мен тумай жатып басталған. Туған анам күйеуге шықпаған жас колледж студенті мені асыранды жанұяға беруге бел буады. Бірақ үмітті жанұяның жоғары білімді болғанын қалады. Шаруаны үйлестіріп, мені заңгердің жанұясына беруге келіседі. Дегенмен мен туғанда әлгі жанұя “шын мәнінде қызды болуды армандап едік” деп, менен соңғы сәтте бас тартады. Солай үміттілер тізімінде болған менің ата-анам түннің бір уақытында жаңалық алады: “бізде ұл бала туды, а
Back to Top