Тоңазытқышта көз жұмған сәбидің денесі ауыстырылған болуы мүмкін

Атыраудағы перинаталдық орталықтың тоңазытқышында көз жұмған сәби өлімі бойынша айыпталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады. Қорғаушы Аслан Жолболовтың айтуынша, шақалақтың денесі ауыстырылған болуы мүмкін. Ол мәйітті тексерген Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары институтының комиссиялық сараптама қорытындысында былық көп екенін жеткізді. Жолболовтың сөзінше, сәбидің денесі 2019 жылдың 30 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысына экспертизаға жөнелтілген. Дәл сол күні Жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері мәйітті кері Атырауға әкеліп, әкесіне табыстапты. Алайда сотта неге екені белгісіз, шақалақтың мүрдесі Атырауға 11 қазанда қайтарылған делінген. Адвокат марқұмның ата-анасына басқа баланың денесі жеткізіліп, олар мүлдем өзге нәрестені жер қойнына тапсырған болуы мүмкін дейді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Back to Top