ОТЫРАР ауданында телеарна ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Фараби ТВ» арнасы аудан тұрғындармен қауышып отыр. Халық пен биліктің арасын байланыстырушы бұқаралық ақпарат құрал ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, халықтың рухани гүлденуі мен ауызбіршілігін насихаттап, күнделікті таңғы сағат 08:00 ден түнгі 00:00 ге дейін ақпараттар айдынынан шолу жасап, қоғамда орын алып отырған өзекті де сүбелі тақырыптарда бағдарламалар өзегіне арқау болмақ. Жандос Тастемір
Back to Top