Ақтөбедегі хром қосындылары зауытының бес бірдей жұмысшысы көз жұмған апатқа кімнің кінәлі екені белгілі болды. Арнайы құрылған комиссия жуырда өз жұмысын аяқтап, қорытындысын жариялады. Тексеру барысында комиссия мүшелері 80 пайыз қателік зауыт басшылығынан кетсе, кінәнің 20 пайызы марқұмдардың абайсыздығынан болған деген ұйғарымға келіпті. Арнайы топтың материалдары бір аптаның ішінде құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әрі қарай процессуалдық шешім қабыладанатын болады.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!