«Қазақ вальсі» музыкалық вернисажы

2016 жылы 1 желтоқсанда сағат -де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Президент күніне арналған «Қазақ вальсі» музыкалық вернисажы болады. Халықаралық конкурстардың лауреаттары Ақалтын Бекболатова (вокал) мен Әлия Исабаева (рояль) қазақ операларынан ариялар, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова және т.басқалардың репертуарынан әндер орындайды. Концерт қазақ бейнелеу өнерінің шеберлері Ұлы даланың көрнекті күміс көмей, жез таңдай әншілері Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Шолпан Жандарбекова және басқалардың терең ойлы бейнелерін мәңгілікке қалдырған Қазақстан залында өтеді. Олар – қазақ халқының даңқты қыздары – Қыз Жібек, Ақтоқты, Сара, Айсұлуды және қазақ фольклоры мен операларының басқа да қаһармандарын шырқатып, қазақ халқының жүрегінде өшпес із қалдырған әншілер. Ақалтын Бекболатова – Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның түлегі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінде жек
Back to Top