Еліміздің 3 өңірінде көктемгі су тасқынының алдын алу жүріп жатыр

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келген Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин осылай деді. Қазір министрлік мамандары еліміздің 3 өңірінде көктемгі сумен күресіп жатыр. Түркістан, Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосымша құрылымдар жөнелтілген. Теріскейде Сілеті өзенінде су мөлшері көтеріліп келе жатыр. Оған күннің жылынуы және жаңбыр себеп. Өзенге жуық маңдағы бірнеше ауылда алдын алау шаралары өткізілді. Жергілікті тұрғындар ескертілген.
Back to Top