ТҰСАУКЕСЕР!
Сон Джухо тапқан-таянғанының бәрін жалғыз қызы Сон Ё Риге жұмсап, қатарынан кем қылмай өсіру үшін бар күшін салып жүрген әке. Қызы да сондай қабілетті, талапты бойжеткен.
Хон Чжи Вон қазір ең қиын сәттерді бастан кешуде. Себебі, шаңырақтың иесі жалғыз ұл Хэсон науқас. Оған кемік майы керек. Ауқатты отбасы болса да, жақын туыстарының ешқайсысы донор болуға жарамағандықтан, анасы ұлына көмектесе алмайды. Жас кезінде бір баласынан айырылған Хон Чжи Вонға бұл жағдай қатты батты.
Сөйтіп, ол құпия түрде барлық компания қызметкерлеріне қан тапсыртып, медициналық сараптама жасатады. Донор табылды. Сон Ё Ридің кемік майы Хэсонға дәл келді.
Алайда, жалғыз қызының денсаулығына алаңдаған Сон Джухо оның өтінішінен үзілді-кесілді бас тартып, көмек беруге келіспейді.
Шытырманға толы «Іздедім сені» атты жаңа корей телехикаясы бүгіннен бастап эфирде! 19:10-да Ұлттық арнадан көріңіз.
#ІздедімСені #Телехикая #СонЕРи #СонДжухо #ХонЧжиВон