Тараздағы №42 мектепте жаңа оқу жылы білім беруден емес құрылыспен басталды. Соның салдарынан, бүтін бір мөлтек ауданның оқушылары басқа мектепте оқуға мәжбүр. Тұрғындар күрделі жөндеуді қыркүйекте бастаған басшылық ала жаздай немен айналысты деп ашынады. Алайда, бір тоқсан бойы бала оқытпаған мектептегі мәселенің мән жайын білу мұң боп тұр.