Маңғыстаудағы наразылықтар әлі жалғасып жатыр

Маңғыстау облысын сумен, жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп отырған «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» компаниясының жұмысшылары тағы да наразылыққа шықты. Бірнеше күннен бері жалақыны көтеруді талап еткен азаматтар бүгін компания ғимаратының алдына шатыр құрып бейбіт шеруді бастады. Айтуларынша, ең төменгі жалақы 60-70 мың теңге. Бұл ақшаға күн көру қиын деген жұмысшылар, еңбекақыны 100 пайызға көтеруді талап етеді. Ал компания басшылары жалақыға 30 пайыздан артық қоса алмаймыз дейді. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші: – Бейбіт шеруге шыққан 700-дей жұмысшы күннің суығына қарамастан осындай кенеп шатыр құрып наразылық білдіріп тұр. 8 жыл бойы жалақының бір тиынға да көбеймеуі осындай жағдайға жеткізді дейді олар. Қымбатшылық қысқанда айлықтың аздығы тығырыққа тіреп, соңы еңбек дауына ұласты деп отыр. Ал сол еңбек дауына қатысты құрылған комиссияның шешімі шықпай тұрып басшылық жаңа келісімшарт жасап, жұмысшыларға мәжбүрлеп қол қоюға үгіттеп жатыр деп ашулы. АСЛАНБЕК ӨТЕБАЕВ, жұмысшы: – Тариф 400 көтерілген көтерілді. Айлы
Back to Top