Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы наразылықта 500-дей адам ұсталды

9 маусым Алматыда өткен наразылық кезінде ұсталғандардың жақындары Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне барды. Азаттық тілшісі бөлімше алдында жиырмаға жуық адамды байқаған. Келгендер сыртта алты-жеті сағаттан бері тұрғанын, бөлімшенің ішінде не болып жатқанын білмейтіндерін айтады. Кезекші полиция бөлімшеде қанша адам отырғанын айтпады.
Back to Top