Астық терминалы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Ақтау теңіз портында елде жиналған астықты шетелге экспорттайтын арнайы терминал бар. Кәсіпорын былтыр рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 682 мың тонна бидай қабылдап, өзге елдерге жөнелткен. Үздік қызмет көрсеткені үшін терминал жаңа жыл қарсаңында Президенттің қолынан «Алтын сапа» жүлдесін алған еді. Компания ұжымы биыл да бұл белесті бағындыруды көздеп отыр. Жуырда жаңа келісімдер жасалып, астық тиелген алғашқы кеме Иранға жол тартты. Терминал еліміздің астық экспортын ұлғайту мақсатында 2002 жылы құрылған болатын. Бірер жыл бұрын мемлекеттің қолдауымен ол толық жаңғыртылды. Осылайша кәсіпорын жылына 300 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін бидай мен арпа қабылдап, шетелге жөнелтуге мүмкіндік ал
Back to Top