ТАЛДЫҚОРҒАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ ТІГЕТІН ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛДЫ.
Онда тәулігіне 30 мың данасы шығарылады. Болашақта өндірістік қуатты бір миллионға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жергілікті өнім жақында облыс орталығы мен қала іргесіндегі елді мекендерде орналасқан дәріханаларға да жеткізіле бастайды.
Цех жаңадан ашылғанымен, қазірдің өзінде жарты жылға жететін тапсырыс түскен.
Қазір мұнда 50 адам жұмыс істеп жатыр. Жаңа жабдықтар алынған соң тағы 30 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Текелі қаласынан да филиал ашуды жоспарлап отыр. Онда 40 шақты тігінші жұмысқа алынады.