“Бәріміз біргеміз“

“Бәріміз біргеміз“ Осы айдармен Алға аудандық жастар ресурстық орталығы мүмкіндігі шектеулі жастармен көңілді старт ұйымдастырды. Шара 1 - маусым балаларды қорғау күніне арналды. Қызықты сайыстар мен ойындар жиналған жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ынтымақтастық, достық, бірлік пен татулықты ұран қылған белсенді жастар іс -шараны флешмобпен аяқтады.
Back to Top