Отандық ғалымдар 5 күн ішінде “Ковид-19“ жұқпасын анықтайтын тест анықтауышты ойлап тапты. 3000 дай сынамаға тәжірибе жүргізген мамандар төл туындалырының тиімділігіне сенімді. Бөркімізді шешіп бас иіп, бәрекелді деп ізет білдіргеннен басқа не дейміз. Бірақ таяқтың екінші ұшы бар. Пандемия өңірлерде қанат жаюда. Өлім фактілері де өсіп келеді. Сондықтан арқаны кеңге салуға әлі ертерек. Оның үстіне келеңсіз жайттар да жоқ емес. Мәселен Атыраудағы жағдай. Түркиядан жеткізіліп, карантинге жабылғандар арасынан індет шықты. Ал олар оқшауланған орынжайда қауіпсіздік пен санитарлық талаптарды сақтау мүмкін емес дейді өздері.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан