Тойдағы дарақылық

«Тойдағы қазақ- ел-жұртқа мазақ», «ерсі қылықтың төресін, қазіргі тойдан көресің». Өкінішті, бірақ қазақ бұрыннан қазынам деп келген тойдың бүгінгі сиқын көрсең, еріксіз осындай ойға қаласын. Дарақы әрекеттер, ерсі ойындар, асабалардың ақылға сыймайтын әзілдері, тойшыл қауымның жаға ұстатарлық билері тағы бар. Мәдениеттанушылар мұндай дарақылықты тоқтату үшін, тез арада тамадалардың қызметін бақылайтын арнайы заң қабылдау керектігін айтып жатыр. Ал асабалардың өзі той иелері не сұраса, соны ұсынамыз деп ақталып әлек. Екі тараптың пікірін тыңдап, тойдың өзге де сұмдықтарын тілшіміз тізіп көрген еді. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top