Бір күні Алла Елшісі ﷺ сахабаларына қарап: «Аллаға ант етейін, бір-біріңе мейірімділік танытпасаңдар жәннатқа кіре алмайсыңдар», – деді.
Сонда сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Біз бір-бірімізге мейірімдіміз...», – десті.
Пайғамбарымыз ﷺ: «Менің айтпағым, сендердің түсінгендерің секілді бір-біріңе деген мейірімділік қана емес. Бәлки, күллі махлұқатты қамтитын мейірімділік. Иә, күллі махлұқатты (Алланың барлық жаратылыстарын) қамтитын мейірімділік», – деп сөзіне түсініктеме берді...
📲 @muftiyatkz #muftiyatkz