«Шығыс жұлдыздары оқиды»

Қай елді-мекенді алсақта, оқу үрдісіне арналған жобалар құрылып, іске асырылып жатады. Міне, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында биылғы жылдан бастап «Шығыс жұлдыздары оқиды» жобасы іске асырылуда. Қай кезде де белгілі адамдар қашанда халыққа үлгі болып табылады. Әсіресе, өскелең ұрпаққа жетістікке жеткен танымал тұлғалардың оқығаны өте маңызды. Өлкеміздің осындай азаматтары кітапханамызға келіп, өлең жолдар мен шығармаларды оқып, кітаптарды насихаттайды. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, кітап оқуға шақырады.
Back to Top