Мүлік сүресі | Оқып жаттаған адамды қабыр азабыннан қорғайды |
Әл-Мулк сүресі (араб: سورة الملك) (үкім етіуші,Билеуші, тікелей мағынасы ’Патша’) - Қасиетті Құран Кәрімнің 30 аяттан тұратын 67-ші сүресі. Бұл есім Алла Тағаланың 99-есімдерінің бірі. Сүреде Алла Тағаланың шексіз Құдіретті күшті екені еске салынады және кімде-кім Пайғамбар (с.ғ.с.) ескертулерін менсінбейтін болса, онда ол Жаһаннамда отқа оралатыны ескертіледі.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Мүлк сүресін әр күні түнде оқыған кісіге Алла Тағала қабір азабын бермейді».
«Мүлк сүресін оқымай жатпа, сірә өлгенде қабірде жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған кісі Қадір тунін ғибадатпен өткізгендей сауап алады. Мен Мүлк сүресінің үмбетімнен әр адамның жүрегінде болғанын жақсы көремін.»
«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі». (Әбу Дәуіт).
-«Мүлк сүресі жамандықтардың алдын алушысы және құтқартушысы. Ол қабір азабынан қорғайды.»
-«Мүлк сүресін әр түні оқыған адамнан Хақ Тағала қабір азабын алып тастайды.»
-«Мүлк сүресін оқымастан жатпа! Өйткені өлетін болсаң, қабірде саған жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған адам Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа ие болады.»
Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мүлк сүресін оқы. Оны Жатта! Бала-шағаңа, көршілеріңе де үйрет! Өйткені, бұл сүре азаптан құтқарушы. Оқыған кісіге Алланың жанында шапағатшы. Егер кісі оны жаттаған болса, Алладан оны (кісіні) тозақтан құтқаруын тілейді. Алла, сол себепті оны қабір азабынан қорғайды».
Мұхаммед ибн Алқами былай дейді: «Әр түні Тәбәрәка (Мүлк) сүресін оқығаннан қабір сұрақтары сұралмайды».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Құран Кәрімде отыз аяттық бір сүре бар. Кім ол сүрені ұйықтар алдын оқыса, ол кісіге отыз сауап жазылады, отыз күнәсы кешіріледі. Отыз дәреже көтеріледі. Алла Тағала ол кісіге бір періште жібереді. Ол періште ол кісінің үстіне қанатын жайып, оянғанша оны барлық нәрседен қорғайды. Ол сүре қабірде өзін оқыған кісіге(азап болмас) үшін күреседі. Міне, ол сүре Мүлк сүресі»
Асхаби кирамнан бірнеше кісі бір жерге шатыр құрған еді. Бұл жерде бір қабірдің бар екенін білмеген еді. Шатыр астында Мүлік сүресінің оқылып жатқаны естілді. Алла Елшісіне (с.ғ.с) мұны айтқанда, ол:
«Бұл сүре адамды қабір азабынан қорғайды» деді.
1 view
1858
465
12 months ago 00:07:36 1
Мүлік сүресі | Оқып жаттаған адамды қабыр азабыннан қорғайды |
2 years ago 00:06:35 1
Ерсін Әміре. Мүлік сүресі. Бауыржан Әлиұлы қабір басы
6 years ago 00:01:57 1
“Мүлік“ сүресі
7 years ago 00:01:49 57
Көз бен тілдің жаратылысындағы даналық | Қалижан Заңқоев