Полицияның қиянаты

Көлігіңізді полиция тексерерде камераңызды қосыңыз. Қызылордада «полицейлердің арам пиғылмен жасаған әрекеттерінен айыпты болдым» деген азаматтың ақталып шығуына мектептегі бейнебақылау камерасының көмегі тиді. «Көлікке есірткі салып, үстімнен қылмыстық іс қозғаған тәртіп сақшыларының қара ниеттері орындалмады» деген Руслан Барахатов бүгінде полицейлердің өздеріне тергеу жүргізіліп жатқанын айтады. Сақшылардың камераға түсіп қалған әрекеттері ғаламтор арқылы қалың көпшіліктің қызу талқысына да түскен еді.
Back to Top