Бұл өлеңді тыңдай бергің келеді Болат Жөкебай Ата-ана Қадірі!!

Болат Жөкебай - Ата-ана қадірі (2022) Жүктеу: Тұра бермес бір орында мынау күн. Көңіліңді баспас үшін қырау мұң. Тірісінде жақсы көр ата-анаңды. Өлгеннен соң керегі жоқ жылаудың. Танымал бол, жұлдыз болып кет мейлі. Ата-ананың барлығына жетпейді. Мен сендерді жақсы көрем деп күнде. Қайталай бер, ол сөз артық етпейді. Ертең азан, не болары белгісіз. Ашылмаған сыры өмірдің сенгісіз. Қартайғанда тастап қашпа оларды. Қызық көрем деген сәтте енді біз... Ата-анаға алартпа еш көзіңді. Паш ете бер жүректегі сезімді. О дүниге барғаныңда жұмақтың. Есігінен күтіп алар өзіңді... Болат Жөкебай
Back to Top