Естімеген елде көп: ауыл мектебін шенділер 15 миллион теңгеге сатып жіберген
Алматы облысында әкімдік ауыл мектебін 15 миллион теңгеге сатып жіберген. Бірақ мекеменің айналасындағы сауда мұнымен бітпепті. Яғни, мектепті меншіктеген адам білім ұясын одан әрі тағы 80 миллионға бағалап, саудаға салған. Депутат Мақсат Толықбайдың айтуынша, бұл оқиға Қарасай ауданы, Шалқар ауылында болып отыр. Сорақысы сол, мектепке соңғы жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жапсарлас жаңа спорт зал қосылған. Демек, әкімдік өкілдері қирағалы тұрған үйдің өзі 17 миллионға сатылып жатқан ауылда мектепті небәрі 15 миллион теңгеге бере салған.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
— Прокуратураның өзі ашық айтып отыр «бұл заңсыз» деп. Енді әрекет етсеңдерші десем, «біздің арызды сот қарамайды» дейді. Яғни, бұл жерде сот та сатылған деген сөз. Мен жаңа уақыт беріп отырмын. Екі айда осы мектепті қайтарсын. Қазір бас прокуратураға басқа да құқық қорғау органдарына арызмыды жазамын. Бұны қайтару керек, бұл сұмдық нәрсе ғой. Мектеп сатылып кету деген.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 @informburo31kanal
Informburo kz @informburokz2022
Facebook -
Instagram -
Vkontakte -
TikTok - @informburo31
Наши сайты: и
Наш WhatsApp 7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
1 view
26
2
1 year ago 00:00:57 1
Естімеген елде көп: ауыл мектебін шенділер 15 миллион теңгеге сатып жіберген