8 жерінен пышақталып көз жұмған жасөспірімге қатысты тың дерекшльл

Таразда 15 жастағы Оралбек Кетебаевтың өліміне қатысты тың дерек жарияланды. Мектеп оқушылары арасындағы жанжал өткен аптада болған еді. Жасөспірім 8 жерінен пышақталып, ауруханада көз жұмды. Онымен бірге болған достары түрлі дене жарақаттарын алып, үйде емделіп жатыр. Оқиға куәгерлері төбелеске Оралбектің сәтсіз әзілі себеп болды дегенді алға тартып отыр. Марқұм құрдас қызбен әзілдеспек болған екен. Ол ағасына айтып, мұның соңы жанжалға ұласқан. Күндіз төбелеспек болған балаларды үлкендер ажыратып жіберіпті. Олар кешке каналдың жанында жолығып, іске нүкте қоюды көздеген. Әр тараптан төрт-төрт баладан болған. Олар алдымен каналдың бір жағасында жаға жыртысса, бірнеше минуттан кейін арғы бетке өткен. Ол жерде балаларды тағы 10 жасөспірім күтіп алып, бәрі жабылған. Қазіргі таңда текетіреске қатысқан әр жасөспірімді полиция жеке-жеке тергеп жатыр. Басты күдікті 16 жастағы бозбала. Полицейлер пышақ сермеген сол деп күдіктеніп отыр.
Back to Top